09 сәу, 2018 сағат 16:10

"Әйелді қамшымен ұру" туралы уағыз айтқан Ризабек халықтан кешірім сұрады (Видео)

Белгілі исламтанушы, «Нұр-Мүбәрак» университетінің оқытушысы Ризабек Батталұлы уағыз барысында жіберген қателіктері үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске салсақ, осыдан бірнеше ай бұрын Ризабек Батталұлының уағыздарының бірінде әйел адамды қамшымен ұру туралы асыра сілтей айтқаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам тарапынан пікірталас тудырған еді. Болған жайтқа исламтанушының өзі жауап беріп, арнайы бейнежазба жариялады. Онда Р.Батталұлы халық алдында айтылған уағызда асыра айтып, өрескел қателіктер жібергеніне өкініш білдіріп, кешірім сұрады. Толығырақ бейнежазбада баяндалған.