#
#
Сенбі 30/05/2020

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы: Әйелдер пандемиямен күресте алдыңғы қатарда

  • 23.05.2020
  • 0
  • 180

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының Шығыс әріптестік елдері мен Орталық Азия аймағындағы әйелдер мәселелері және гендерлік теңдік бойынша ұлттық құрылымдар басшыларымен виртуалды диалогқа қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның жұмысына ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының орындаушы директорының орынбасары Оса Регнер, Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өңірлік директоры Әлия Ел-Ясир, Армения, Әзербайжан, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің әйелдер мәселелері және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі ұлттық құрылымдардың басшылары қатысты. 

Виртуалды диалогтың мақсаты – COVID-19-ға қарсы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ден қоюдың гендерлік-байланысты шаралары үшін қиындықтар мен басымдықтарды талқылау.

Ләззат Рамазанова Президенттің «Мемлекет бұл қиын уақытта ешкімді қалдырмайды» атты бас месседжіне назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазақстан барлық қажетті қолдау шараларын қабылдауда. Коронавирусқа қарсы күреске және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 6 триллион теңге немесе 13 млрд доллар бөлінді. 5 млн қазақстандық, оның ішінде эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған дәрігерлер мен табысынан айырылған азаматтар мемлекеттен қаржылай және азық-түліктік көмек алды.

Ләззат Рамазанова әйелдер пандемиямен күресте алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Бұл, ең алдымен, қиын жағдайда қажырлы еңбек етіп жатқан медицина және әлеуметтік қызметкерлер мен мұғалімдер. Қазақстанда денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әйелдердің үлесі 73% - дан асады (2019 ж.).

«Қазақстан COVID-19 пандемиясы себебінен туындаған жағдайды жақсартуға арналған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеу қажеттілігі туралы «БҰҰ-Әйелдер» бастамасын қолдайды», - деді ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова.

Виртуалды диалог қорытындысы бойынша қатысушылар арасында пандемияны таратуға қарсы шаралар шеңберінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін міндеттемелерді одан әрі ілгерілету мен орындау үшін қажетті іс-әрекеттерге қатысты жалпы түсіністікке қол жеткізілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар