#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Аягөз халқына алғашқы көмек ретінде 50 млн теңге бөлінеді

  • 13.03.2018
  • 0
  • 1048

Аягөздегі апат орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов барып, тұрғындармен кездесті. Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға тұрмыстық көмек көрсету үшін 50 млн теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тасқыннан қираған үйлерді аралап, тұрғындармен кездескен облыс әкімі әуелі ел арасында тараған алыпқашпа әңгімелерге қатысты түсінік берді. Аягөз қаласына жайылған судың су қоймасынан жеткені туралы ақпараттың анық-қанығын білу үшін мамандар тікұшақпен аумақты зерттейтін болды. Оның нәтижесі ертең кешке қарай белгілі болуы тиіс.

Ал баспанасы қирап, отын-сусыз қалған халыққа көмек ретінде 50 млн теңге бөлінетін болды.

Әкімнің сапары барысында қала бойынша 8 үйдің жермен-жексен болып, 10 үйдің апаттық жағдайға түскені анықталды. 148 үйге су кірген. Үйсіз қалған отбасыларға қаланың басқа бөлігінде салынып жатқан 60 пәтерлі үйден жаңа баспана берілуі мүмкін екені де айтылды.


«Қазір бұл мәселеге байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар өз жұмысын 10-15 күннің ішінде аяқтайды. Сондықтан, тұруға жарамсыз болып қалған үйлердің саны 18-ден көп болуы мүмкін. Қалай болғанда да, ешкім көмексіз қалмайды. Барлық тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі. Ешкім көмексіз қалмайды» - деді облыс әкімі.    


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар