08 сәу, 2020 сағат 12:33

Атырауда «Теңіз» кенішінің қызмeткeрі коронавирус жұқтырған

Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқастың бірі «Теңіз» кенішінде жұмыс істеген, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 50 жастағы әйел «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты мердігер мекеменің бірінде жұмыс істеген. Ол «Ватернас» вахталық қалашығында тұрған.

«Бұл оқиға компанияның өндірістік жұмысына әсер етпейді. «Теңізшевройл» компаниясы қызметкерлерін вирустан қорғау үшін барлық жағдайды жасады. Қазір мұндағы барлық нысанда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде» - делінгeн хабарламада.

Науқас әйел инфекциялық изоляторға жатқызылды. Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр.