#
#
Сенбі 06/06/2020

Атырауда теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды

  • 28.03.2020
  • 0
  • 200

 

Атырауда төтенше жағдайға байланысты теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Енді теміржол вокзалына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Атырауға өзге бағыттан келген жолаушылар вокзал ғимараты арқылы шығады. 

Бұдан бөлек, «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағытына қатынауға шектеу қойылды. 

Мәлім болғандай, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан Атырауға қатынайтын рейс тоқтатылмайды. Шектеу қойылмаған рейс қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар.

«Қазір теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар, енді пойыздардың барлығы бірінші жолдан жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылып отыр», - деді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына қатынайтын пойыздарға алынған билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында халық көп шоғырланған. Олардың барлығына ақшалары толық қайтарылған. 

Қазір билет тапсыратын адамдар азайған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар