21 ақп, 2020 сағат 14:37

Атырауда химия зауыты аумағында өрт шықты

Атыраудағы химия зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырауда бұрын полимер шығарылған зауыт аумағы жанып жатыр. Қазір мұнда химиялық өнімдер шығарылмайды. Бірақ, зауыт аумағында бірнеше өндіріс жұмыс істеп тұр.

Зауыт ЖЭО-ға жақын маңда орналасқандықтан, өрт өте қауіпті болып отыр.