#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Атырауда 16 қабатты тұрғын үй өртенді

  • 22.01.2020
  • 0
  • 214

Атырауда 16 қабатты үйде электр кабельдері жанып, тұрғындар эвакуацияланды, - деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті.

«22 қаңтар күні сағат 02.46-да Атырау қаласының «101» пультіне Алмагүл шағынауданындағы 16 қабаттты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 9-дан 12-інші қабат аралығындағы кабельді каналда электр сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға және жалынды сөндіруге дереу кірісті. Мәселен, саты арқылы 10 адам құтқарылды, оның 4-еуі – балалар. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і – балалар», - деді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов

Тілсіз жау 03.40-та толығымен ауыздықталды. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Атап өтілгендей, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар