#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылады - ІІМ

  • 17.05.2019
  • 0
  • 1614

Ат мінгізілген видеосы әлеуметтік желіге тараған Атырау облысы Полиция департаментінің бастығының ісіне қатысты қызметтік тексерудің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік кеңесі төрағалығымен Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы А.С. Дүйсембаевқа қатысты қоғамдық резонанс туғызған факті бойынша аталған өңірге министрдің орынбасары А. Калайчиди бастаған Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді.

Комиссия А.С. Дүйсембаевтың қызметтік әдеп тәртібін бұзушылығын анықтаған қызметтік тексерудің қорытындысын қарады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі А.С. Дүйсембаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсыным енгізу жөнінде шешім қабылдаған.

«Сонымен қатар, облыстың Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция майоры С.А. Қалиев орнынан босатылды және бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, министрдің орынбасары жеке құраммен қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігі осы оқиға бойынша түсініктеме берген еді.  Ал, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық ПД бастығының әрекетін тексеруді тапсырған болатын. 

Ал әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті, Ішкі істер министрі мен Атырау облысы әкіміне жазылған хат жарияланды. Полиция департаменті бастығына ат мінгізген ауыл тұрғындары хат жазған көрінеді.

Олардың айтуынша, генерал Дүйсенбаев сыйлықтан бас тартып, адамдардың көңілін қалдырмау үшін ғана атқа мініп, бір айналып шыққан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар