27 жел, 2016 сағат 15:15

Астанадағы алып сағат Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

- Астанада Есіл өзенінің жағалауында алып сағат орнатылды.

Жаңа жыл қарсаңында қала көркін аша түскен сағат циферблатының диаметрі - 17 метр. Жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайды.

Сағат айналасындағы аумақ халық демалысы үшін тамаша орын.  Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сырғанақтар мен ауданы 8 мың шаршы метрлік үлкен мұз айдыны жасалған. Сағат нақты механизммен жабдықталған және Жаңа жыл түні Есіл өзенінің жағалауындағы отшашу сағат тілі тура 24.00-ді көрсеткенде басталатын болады.

Айта кетейік, Есіл өзенінде орнатылған жаңажылдық сағат әлемдегі ең үлкені болуы мүмкін. Манхэттеннің жанында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі  15,24 метрді құрайды.