16 нау, 2018 сағат 07:52

Астанада Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2018 жылдың наурыз мерекесі күндері елордада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Наурыз мерекесі күндері күн райы жауын-шашынсыз, ауаның температурасы түнде 5-10 аяз, күндіз 0-5 аяз күтіледі. Бірақ, суық ұзаққа созылмайды, артынша кезекті циклонның әсерінен тұрақсыз күн райы байқалып,жылымық орнайды. Айдың соңында суық ауа массаларының келуіне байланысты күн қайтып суытады", - делінген хабарламада. 

Наурыз айында жылы және салқын күндер алма-кезек ауысып тұратындықтан күн райы құбылмалы болып келеді.