25 қаң, 2017 сағат 13:30

Астана вокзалында пойыз үстіне декоративті конструкция құлады (видео)

"Астана темір жол вокзалының аумағында декоративті нысандардың бірі опырылып түсті", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Куәгерлердің айтуына қарағанда, аспалы қалқа бірінші жолда тұрған «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына құлаған. Өзге мәліметтер анықталуда.

Еске сала кетейік, елордада қатты желдің салдарынан 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайтыны хабарланған болатын.   

суреттер: ҚазАқпарат