11 қыр, 2019 сағат 17:04

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойын билетінің құны белгілі болды

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынына билет бағасы қанша болатындығы анықталды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасы аясында сербиялық «Партизан», голландиялық «АЗ» және ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубтарымен жасын алаңда кездеседі. Ойындарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданған. Бірінші санатқа «Манчестер Юнайтед» клубымен өтетін ойын кіреді. Бұл ойынды тамашалау бағасы билет санатына байланысты 4 мыңнан басталып, 55 мың теңгеге дейін жетеді.

Екінші санатқа «АЗ» және «Партизан» командаларымен арадағы ойын жатады. Бұл клубтармен тартысты ойынды тамашалау құны 1 500 теңге мен 12 мың теңге аралығында. Әрбір ойынға билеттер матч датасы жақындаған сәтте сатылымға шығарылады.

 Ойын билеттерінің бағасы төмендегідей:

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойыны:

1-санаттағы билет 55 000  теңге;

2-санаттағы билет 40 000 теңге;

3-санаттағы билет 25 000 теңге;

4-санаттағы билет 16 000 теңге;

5-санаттағы билет 11 000 теңге;

6-санаттағы билет  4 000 теңге.

«Астана» мен «АЗ», «Партизан» ойындары:

1-санаттағы билет 12 000  теңге;

2-санаттағы билет 7 000 теңге;

3-санаттағы билет 4 000 теңге;

4-санаттағы билет 3 000 теңге;

5-санаттағы билет 2 000 теңге;

6-санаттағы билет  1 500 теңге.