04 сәу, 2020 сағат 11:20

Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар – Алматы әкімі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын үйде қалуға және айрықша қажеттілік болмаса көшеге шықпауға шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шектеу шараларын күшейту, әсіресе қалада жүріп-тұруды доғару шаралары бәрімізге қатысты. Басты мақсат - ауа-тамшы жолымен берілетін коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл қою. Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Карантин кезінде оқшауланып, үйіңізде отырсаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті індетті жұқтырудан сақтайсыз», – деп жазды қала әкімі Instargam –дағы парақшасында.