#
#
Жексенбі 17/11/2019

Арыс қаласында 674 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

  • 11.07.2019
  • 0
  • 638

2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 674 үй қалпына келтірілді.

Ауқымды жұмысқа 110 құрылыс компаниясы тартылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, 4699 құрылысшы мен 207 арнайы техника 2989 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарында (бір күн бұрын 2725 нысанда) жұмыс істейді.

Арыс қаласының тұрғын үй қорын жедел қалпына келтіру мақсатында әрбір өңір мен республикалық маңызы бар қалалар үшін 17 секторға бөлінген.


Жөндеу жұмыстары СҚО, Атырау облысы, Павлодар облысы, БҚО және Ақтөбе облысы секторлары бойынша жақсы қарқынмен  жүргізілуде. Қостанай облысы, ШҚО және Алматы облысы секторларында жұмыстардың баяу қарқыны байқалады. 

«Аталған өңірлер жұмысты күшейтіп, тұрғын үйлерді жөндеу мен қалпына келтіру қарқынын арттыруы қажет», - деп атап өтті ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен өткен кеңес барысында.

Ол сондай-ақ құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар