#
#
Жұма 05/06/2020

Арнайы әскери жиын: 300-ге жуық алматылық өтініш білдірген

  • 06.04.2020
  • 0
  • 146

Алматыда арнайы әскери жиындарға әскери қызметке жарамды азаматтар ғана шақырылады. Бұл туралы бүгін онлайн-брифинг барысында қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шақырылатын азаматтар арнайы медициналық комиссияның тексеруінен өтеді. Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз азаматтар шақырылмайды. Тек жарамды азаматтар ғана арнайы жиындарға шақырылады», - деді Амантай Өсербаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, әскери тәртіпке үйренген адамдар ғана іріктеледі. 

«60 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен сарбаздар шақырылады», - деді ол.

Оның сөзінше, қазір қалада 300-ге жуық адам жиынға қатысуға өтініш білдірген. 

«Әскери есепке алу орындарында кезекке тұрып коронавирус таралуына оңтайлы ахуал тудырмау үшін алдын ала жергілікті әскери есепке алу орындарына телефон арқылы жазылу керек», - деді ол.

Үш баласы бар әскери міндеттілер шақырылмайды. Алайда олардың жұбайларының нотариус арқылы келісімі болса, шақырылатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар