07 сәу, 2020 сағат 12:41

Алматының бас санитарлық дәрігері масканы қашан тағу керектігін айтты

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова маска тағудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, маскамен жүру - профилактикалық шаралардың бірі ғана. 

«Мен эпидемиолог ретінде айтарым, сыртта жүрген кезде, егер жаныңызда адам болмаса, жалғыз келе жатсаңыз, маска тағудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал жабық ғимаратта болсаңыз керісінше, маска тағу керек», - дейді Айзат Молдақасымова.

Сонымен қатар, ол Алматыда карантин режимі енгізілгеннен бері коронавирусты жұқтыру саны төмендегенін атап өтті.