#
#
Жұма 13/12/2019

Алматылықтар Бақытжан Сағынтаевтың жеке қабылдауында болды

  • 10.09.2019
  • 0
  • 276

Аудандарды аралап, тұрғындармен кездескен Бақытжан Сағынтаев азаматтарды жеке қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің қабылдауына 25 адам келді. Олар әртүрлі мәселені көтерді. Тұрғын үй, жер учаскесі, коммуналдық және әлеуметтік проблемаларды айтты. Кейбір мәселелер сол жерде шешілді.

«Мәселелердің кейбіреулері бірден шешіліп жатты. Қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер де болды, мектепке және көшеге ат беру - үкіметтік деңгейдегі комиссия шешімімен ғана іске асатын мәселе. Әр өтініш бойынша нақтылы жауаптар әзірленеді. Оң шешімін тапқан жағдайда орындалу мерзімі мен жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі», - деп хабарлады әкімдік баспасөз қызметі.

Енді азаматтарды жеке қабылдау қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңсесінде  тұрақты өтеді.

Ал, тұрғындармен «еркін микрофон» форматында кездесу әр тоқсанда бір рет өтеді деп жоспарлануда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар