#
#
Сенбі 22/02/2020

Алматыдағы ұшақ апатында қаза тапқандар туралы деректер неге әртүрлі болды

  • 28.12.2019
  • 0
  • 505

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Алматы түбіндегі әуе апатында қаза тапқандар туралы деректердің неліктен әртүрлі болғандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әуе апаты кезінде қаза тапқандардың саны туралы ресми ақпаратты беруге ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті ғана беруге құқылы.

«12 адам қаза тапты, бұл — аталған ведомство (ІІМ) таратқан мәлімет. Түрлі деректердің болғандығы да түсінікті. Дегенмен, баспасөз мәслихатында вице-премьер жария еткен және үкіметтік комиссия отырысында айтылған санға сәйкес 12 адам қаза болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Комитет басшысының нақтылай түсуінше, мұндай қайғылы жайттар кезінде ресми статистика беруге Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің ғана құқығы бар.

«15 адамның қаза тапқандығы туралы хабарлама бастапқы ақпарат болуы ықтимал. Алайда, ресми статистиканы мемлекеттік органдардан Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі ғана беруге құқылы. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті де қаза тапқандар туралы ақпарат бере алады. Өйткені, іздеу және құтқару операциясын Төтенше жағдайлар комитеті үйлестіреді. Әкімдіктің құқығы жоқ», - деді Талғат Ластаев.

Естеріңізде болса, кеше Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев «Бек Эйр» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 15-ке жеткенін айтқан еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар