15 там, 2019 сағат 08:08

Алматыда сел жүру қаупінен кейін үш шағын аудан ауыз сусыз қалды

Наурызбай ауданында сел жүру қаупі салдарынан Алматыдағы Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс шағын аудандары ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарғалы өзені - Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс ықшам аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі көзі болып саналады. Қарғалы өзенінің лайлануына байланысты өзеннен су алу тоқтатылды», - делінген Наурызбай ауданы әкімдігі таратқаен хабарламада.

Аудан басшылығы атап өткендей, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету уақытша шектетіледі. Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс ықшамаудандарына су қаладан жеткізіледі. Оған коммуналдық қызметтердің арнайы су таситын көліктері жұмылдырылды.