#
#
Сенбі 06/06/2020

Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды

  • 08.04.2020
  • 0
  • 208

Алматының медициналық мекемелеріне коронавирус салдарынан пайда болған өкпе ауруын емдеу үшін 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы әкімдігінің сұранысы бойынша коронавирустық COVID-19 індетінің ауыр зардабын болдырмау мақсатында ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев және бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қолдауымен өкпені жасанды желдетудің 17 стационарлы және мобильді аппараттары сатып алынды. 

Бұл аппараттар Қазақстанда Hamilton Medical AG (Швейцария), Puritan Bennett (Covidien, АҚШ) өндіруші компаниялары атынан тіркелген. 

ResMed (АҚШ) компаниясының инвазивті және инвазивті емес өкпені жасанды желдету мобильді аппараттары COVID-19 індетімен күресіп жатқан Алматының медициналық мекемелерінің жедел жәрдем көліктерін жабдықтауға үшін ҚР территориясына кіргізілді.

Бұдан бұрын қайырымдылық көмек ретінде Тимур Құлыбаев пен бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қаражатына COVID-19 індетіне диагностика жасайтын мобильді орталығы бар Ford Tranzit жедел жәрдем автокөліктері сатып алынған болатын. Көліктер Алматының медициналық мекемелеріне берілді. 

Бұл көліктер Алматы мен қаладан алыс орналасқан және маңайындағы аудандардан өкпе ауырына шалдыққандарды тасымалдау үшін қолданылатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар