09 қыр, 2019 сағат 13:44

Алматыда Мәдениет басқармасын кинопродюсер басқаратын болды

Алматыда Мәдениет басқармасының басшылығына кинопродюсер тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл қызметке Эрнар Құрмашев тағайындалды.

Продюсер, CGI, VFX-продюсер Эрнар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген.

Ол 2009 жылы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ инженер мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы New York Film Academy оқу орнында Universal Studios Hollywood базасында filmmaking мамандығы бойынша тәжірибеден  өткен.

Қазақстандағы Kazakhstan Computer Graphics компьютерлік графика студиясының құрылтайшысы Эрнар Құрмашев  2008 жылы «Подарок Сталину» фильмінде CGI-продюсер болған.

2008-2009 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында атқарушы продюсер болып қызмет істеген.