10 жел, 2018 сағат 09:55

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді. "Алматы ақшамы" газеті Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысының хаттамасын жария етті.

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысын, комиссия төрағасы Еркінбаев Ержан Мәлікұлы ашып, жүргізіп отырды.

Қатысқандар:

Депутаттар: Е.М.Еркінбаев, Қ.Қ.Сәрсенбай, К.І.Матыжанов, Ш.Н.Умаров, К.В.Авершин, Б.Н.Садықов, Қ.Қ.Құдайберген, Н.И.Ниязова, В.Ю.Банщиков, Г.К.Ахметова.

Шақырылғандар: Ө.Қ.Қалабай – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы.

  1. Г.Ә.Әмірова – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің бас маманы.
  2. І.Әбдіқасымова – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің бас маманы.

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласы шағын аудандарының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы
  2. Алматы қаласы көшелерінің атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы

Баяндамашы: Ө.Қ.Қалабай – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транск­рипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің» №138 қаулысымен бекітілген Қағидаларына сәйкес, халықтың пікірін ескеру үшін Тілдерді дамыту басқармасы Алматықаласы шағын аудандарының атауын қайта атау және Алматы қаласы көшелерінің атауын қайта атау бойынша тиісті материалдарды Алматы қаласы мәслихатының қарауына енгізді.

Тыңдалды: Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Ө.Қ.Қалабай:

  1. Алматы қаласы шағын аудандарының атауын қайта атауды ұсынды.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

«Алғабас» шағынауданы — «Алғабас» шағынауданы;

«Алғабас-1» шағынауданы — «Нұркент» шағын­ауданы;

«Алғабас-2» шағынауданы — «Ботакөз» шағын­ауданы;

«Алғабас-3» шағынауданы — «Ақмаржан» шағын­ауданы;

«Алғабас-4» шағынауданы — «Ғажайып» шағын­ауданы;

«Алғабас-5» шағынауданы — «Дарабоз» шағын­ауданы;

«Алғабас-6» шағынауданы — «Зерделі» шағын­ауданы;

«Боралдай» шағынауданы — «Боралдай» шағын­ауданы;

«Заря востока» шағынауданы — «Шапағат» шағын­ауданы;

«Құрылысшы» шағынауданы — «Самғау» шағын­ауданы;

«Мәдениет», «Рахат», «71-разъезд» шағынаудан­дары — «Мәдениет» шағынауданы;

«Теректі» шағынауданы — «Теректі» шағын ауданы;

«Трудовик» шағынауданы — «Томирис» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша:

«Дубок» шағын ауданы — «Шабыт» шағынауданы;

«Дубок-2» шағынауданы — «Атамекен» шағын­ауданы;

«Школьный» шағынауданы — «Жазира» шағын­ауданы;

«Школьный-2» шағынауданы — «Алмас» шағын­ауданы;

«Тепличный» шағынауданы — «Қуаныш» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

«Ақтөбе» шағынауданы — «Ақтөбе» шағынауданы;

«Алатау» шағынауданы — «Мұзарт» шағынауданы;

«Алмаарасан» шағынауданы — «Алмаарасан» шағынауданы;

«Алмаарасан» шағынауданы — «Архат» шағын­ауданы;

«Ерменсай», «Ерменсай-1,2,3,4» шағынаудандары — «Ерменсай» шағын ауданы;

«Жайлау» шағынауданы — «Жайлау» шағынауданы;

«Көкшоқы» шағынауданы — «Көкшоқы» шағын­ауданы;

«Нұрлытау» шағынауданы — «Нұрлытау» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

«Қарғалы» шағынауданы — «Қарғалы» шағын­ауданы;

«Жайлау» шағынауданы — «Ғаламат» шағынауданы;

Алматы қаласы Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

«Ремизовка» шағынауданы — «Асқартау» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша:

«Дорожник» шағынауданы — «Көкмайса» шағын­ауданы;

«Первомайский» шағынауданы — «Кемел» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Ақтөбе» шағынауданы — «Шарапат» шағынауданы;

«Ақтөбе» шағынауданы — «Алтын» шағынауданы;

«Бутаковка» шағынауданы — «Мұзтау» шағын­ауданы;

«Көлсай» шағынауданы — «Көлсай» шағынауданы;

«Сұлусай» шағынауданы — «Сұлусай» шағын­ауданы;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Атауы жоқ» шағын ауданы – «Бақорда» шағын­ауданы;

«Абай» шағынауданы — «Абай» шағын ауданы;

«Ақжар» шағынауданы — «Ақжар» шағынауданы;

«Алатау» шағынауданы — «Байтақ» шағынауданы;

«Бұлақты» шағынауданы — «Бұлақты» шағын­ауданы;

«Каменка-3» шағынауданы — «Мейрам» шағын­ауданы;

«Қарағайлы» шағынауданы — «Қарағайлы» шағын­ауданы;

«Қарағайлы-2» шағынауданы — «Дария» шағын­ауданы;

«Құрамыс» шағынауданы — «Құрамыс» шағын­ауданы;

«Наурыз» шағынауданы — «Наурыз» шағынауданы;

«Рахат» шағынауданы — «Рахат» шағын ауданы;

«Тастыбұлақ» шағынауданы — «Тастыбұлақ» шағынауданы;

«Таужолы» шағынауданы — «Таужолы» шағын­ауданы;

«Таусамалы» шағынауданы — «Таусамалы» шағын­ауданы;

«Шұғыла» шағынауданы — «Шұғыла» шағын­ауданы;

«Шұғыла», «Таусамалы» шағынаудандары — «Төрткүл» шағынауданы;

«Шұғыла», «Достық» шағын аудандары — «Дидар» шағынауданы;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша:

«Әлмерек» шағын ауданы — «Әлмерек» шағын­ауданы;

«Колхозшы» шағын ауданы — «Нұршашқан» шағын­ауданы;

«Қайрат» шағын ауданы — «Қайрат» шағынауданы.

  1. Алматы қаласы көшелерінің атауын қайта атауды ұсынды.

Алматы қаласы Әуезов, Алатау, Наурызбай аудандары бойынша:

Ташкентский көшесі – Райымбек даңғылы;

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша «Достық» шағынауданындағы:

Абай көшесі – Тәуке хан көшесі;

Айвазовский көшесі – Ақжүніс көшесі;

Алматы көшесі – Ақкөгершін көшесі;

Волгоградская көшесі – Жеті жарғы көшесі;

Жамбыл көшесі – Ата толғауы көшесі;

Ильич көшесі – Құман Тастанбеков көшесі;

Калинин көшесі – Фарида Шәріпова көшесі;

Киевская көшесі – Сыйластық көшесі;

Котовский көшесі – Терме көшесі;

Красноармейская көшесі – Ақбақай көшесі;

Қарағанды көшесі – Ұлағат көшесі;

Құрманғазы көшесі – Поль Гурдэ көшесі;

Ленин көшесі – Ақжайнақ көшесі;

М.Мәметова көшесі – Тағзым көшесі;

Московская көшесі – Баршынкент көшесі;

МТФ-3 көшесі – Аймүйсін көшесі;

Пионерская көшесі – Ілтипат көшесі;

Пригородная көшесі – Рабат көшесі;

Свердлов көшесі – Дастан көшесі;

Ташкентский тұйық көшесі – Сейхұн көшесі;

Толстой көшесі – Кемеңгер көшесі;

Уйгурская көшесі – Қарахан көшесі;

Фрунзе көшесі – Манат көшесі;

Школьная көшесі – Шамғон Қажығалиев көшесі;

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша «Таугүл» шағынауданындағы:

Кассин көшесі – Керуентау көшесі;

Новостройка көшесі – Тайбурыл көшесі;

ПМК-610 көшесі – Қоржын көшесі;

Пригородная көшесі – Аманжол көшесі;

Тепличная көшесі – Ағайынды Қоңыратбаевтар көшесі;

Центральная көшесі – Ықылас көшесі,

Юбилейная көшесі – Тойбастар көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

Каблуков көшесі – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша:

Алматы көшесі – Табиғат көшесі;

Винтер көшесі – Шайдахмет Серғазин көшесі;

Зеленая көшесі – Көк айдай көшесі;

Ключевая-2 көшесі – Серпер көшесі;

Котовский көшесі – Қылқобыз көшесі;

Қарасу көшесі – Бұрхан көшесі;

Летняя көшесі – Самырсын көшесі;

Озерная көшесі – Жарсуат көшесі;

Превомайский тұйық көшесі – Күлпаран Жанетова көшесі;

Победа көшесі – Қалжан Нұрмақанов көшесі;

Полежаев тұйық көшесі – Төретай көшесі;

Почтовая көшесі – Құлыншақ көшесі;

Промышленная көшесі – Арғымақ көшесі;

Сосновая көшесі – Шілдехана көшесі;

Уйгурская көшесі – Қайрат көшесі;

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша «Первомайский» шағынауданындағы:

Береговая көшесі – Аралтөбе көшесі;

Вокзальная көшесі – Есім хан көшесі;

Ворошилов көшесі – Серпін көшесі;

Жамбыл көшесі – Дауылпаз көшесі;

Жетісу көшесі – Еламан көшесі;

Заречная көшесі – Жидебай көшесі;

Зеленая көшесі – Көкшолақ көшесі;

Интернациональная көшесі – Орест Шкапский көшесі;

Капчагайская көшесі – Ақсуат көшесі;

Ключевая көшесі – Әлқисса көшесі;

Космонавтов көшесі – Өрлеу көшесі;

Логовая көшесі – Арлан көшесі;

М.Мәметова, Кавказская көшелері – Мұхамеджан Сералин көшесі;

Механическая көшесі – Жадаукөк көшесі;

Мир тұйық көшесі – Ақжүрек көшесі;

Ә.Молдағұлова көшесі – Мұстай Кәрім көшесі;

Молодежная көшесі – Жар-жар көшесі;

Набережная көшесі – Кеңсуат көшесі;

Новый тұйық көшесі –Насихат көшесі;

Овражная көшесі – Жанбота көшесі;

Парковая көшесі – Қартқожа көшесі;

Пушкин көшесі – Майдақоңыр көшесі;

Садовая көшесі – Ақбөбек көшесі;

Солнечная көшесі – Қазанат көшесі;

Степная көшесі – Бидайық көшесі;

Строительная – Жоламан көшесі;

Центральная көшесі – Дәурен Құдабайұлы көшесі;

Школьная көшесі – Дулыға көшесі;

Щорс көшесі – Торғай көшесі;

Юбилейная көшесі – Қоңыртөбе көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

Балтабай көшесі – Құмай көшесі;

Гвардейская көшесі – Ақбозат көшесі;

Горная көшесі – Керей-Жәнібек хандар көшесі;

Н.Добролюбов көшесі – Шақшақ Жәнібек көшесі;

Заводской тұйық көшесі – Сырмақ көшесі;

Ключевой-1 тұйық көшесі – Бұлғын көшесі;

Ключевой-2 тұйық көшесі – Сырымбет көшесі;

Лениногорская көшесі – Текемет көшесі;

Набережная көшесі – Желмая көшесі;

Овражная көшесі – Айдын көшесі;

Первомайская көшесі – Баққожа Мұқаи көшесі;

Подгорный тұйық көшесі – Жорғатай көшесі;

Садовая көшесі – Қосалқа көшесі;

Іле көшесі – Тобылғы көшесі;

Южная көшесі – Айгөлек көшесі;

Заречная көшесі – Көңіл толқыны көшесі;

Ладушкин-1 көшесі – Алғыс көшесі;

Ладушкин-2 көшесі – Құрмет көшесі;

Ладушкин-3 көшесі – Қошемет көшесі;

3 март көшесі – Иса Тергеусізов көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Алатау» шағынауданындағы:

Дружба көшесі – Мерей көшесі;

Зеленая көшесі – Бектау көшесі;

Курчатов көшесі – Ақбөбек көшесі;

Молодежная көшесі – Ерке сылқым көшесі;

Победа көшесі – Айқап көшесі;

Садовая көшесі – Кимешек көшесі;

Уәлиханов көшесі – Тектілік көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Бутаковка» шағынауданындағы:

Ключевая көшесі – Айдарлы көшесі;

Южный тұйық көшесі –Замартас көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Көлсай» шағынауданындағы:

Яблочный тұйық көшесі – Білезік көшесі;

Алматинская көшесі – Өмірзақ Сұлтанғазин көшесі;

Сұраншы батыр көшесі – Қойгелді батыр көшесі;

Школьная көшесі – Асан Тайманов көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Көктөбе» шағынауданындағы:

Космонавтов көшесі – Ақтаңгер көшесі;

Қарасай батыр көшесі – Басбатыр көшесі;

М.Мәметова көшесі – Қамар сұлу көшесі;

Сүйінбай көшесі – Домбыра көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Сұлусай» шағынауданындағы:

Достық көшесі – Абзал көшесі;

Интернациональная көшесі – Барлыбек Сыртанұлы көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша:

Березовая көшесі – Ақкербез көшесі;

Жетіген көшесі – Ақбілек көшесі;

Заславская-2 көшесі – Долана көшесі;

Кировоградская  – Даналық көшесі;

Кирпичный завод көшесі – Ақтолқын көшесі;

Коммунаров көшесі – Төлеген Тәжібаев көшесі;

Красногвардейский даңғыл жолы көшесі – Сүйінбай көшесі;

Қапал көшесі – Жаһангер көшесі;

Ленинабадская көшесі – Гүлсары көшесі;

Молодежная көшесі – Алабота көшесі;

Мостовая көшесі – Салауат көшесі;

Огарев-2 көшесі – Тимофей Седельников көшесі;

Остроумов-2 көшесі – Иманжүсіп көшесі;

Парижская коммуна көшесі – Қалдыбай Монтақаев көшесі;

Перроная көшесі – Балқадиша көшесі;

Песчанная көшесі – Сексеуіл көшесі;

Сосновая көшесі – Шоқтас көшесі;

Тополевская көшесі – Василий Бартольд көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Әлмерек» шағынауданындағы:

Абай көшесі – Ардақты көшесі;

Есім хан көшесі – Құтты білік көшесі;

Жамбыл көшесі – Үйеңкі көшесі;

Жароков көшесі – Ақермен көшесі;

Интернациональная көшесі – Жас дәурен көшесі;

Кызылординская көшесі – Шертер көшесі;

Керей хан көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;

Қарасай батыр көшесі – Алтыбасар көшесі;

Наурызбай батыр көшесі – Шортанбай Қанайұлы көшесі;

Райымбек батыр көшесі – Көк бөрі көшесі;

Сәтбаев көшесі – Ақбидай көшесі;

Тәуке хан көшесі – Ұлы дала көшесі;

Шәкәрім көшесі – Алмажай көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Колхозшы» шағынауданындағы:

Абай көшесі – Дулат Бабатайұлы көшесі;

Абылай хан көшесі – Мұрат Мөңкеұлы көшесі;

Әйтеке би көшесі – Нығмет көшесі;

Әл-Фараби көшесі – Өрен көшесі;

А.Байтұрсынов көшесі – Сайым Балмұқанов көшесі;

Жамбыл көшесі – Мейірім көшесі;

Қазыбек би көшесі – Қоңыртау көшесі;

Қарасай батыр көшесі – Бөктергі көшесі;

Қобыланды батыр көшесі – Бердіқожа батыр көшесі;

Қонаев көшесі – Ақмаңдай көшесі;

Құрманғазы көшесі – Досбол би көшесі;

Төле би көшесі – Байзерек көшесі;

Ш.Уәлиханов көшесі – Тайбағар көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Қайрат» шағынауданындағы:

А.Иманов көшесі – Сұлушаш көшесі;

Абай көшесі – Қанағат көшесі;

Айманов көшесі – Арқар көшесі;

Әйтеке би көшесі – Торғын көшесі;

Әл-Фараби көшесі – Көктау көшесі;

Әуезов көшесі – Тоқымқағар көшесі;

Жамбыл көшесі – Дәнекер көшесі;

Жангелдин көшесі – Нарбота көшесі;

Жандосов көшесі – Ақжамал көшесі.

Жансүгіров көшесі – Несібелі көшесі;

Қазыбек би көшесі – Жәудір көшесі;

Қарасай батыр көшесі – Бәйге көшесі;

Құрманғазы көшесі – Сыбызғы көшесі;

Новая көшесі – Ханшайым көшесі;

Рысқұлов көшесі – Жаяу Мұса көшесі;

Сейфуллин көшесі – Белбұлақ көшесі;

Тәттімбет көшесі – Көрімдік көшесі;

Төле би көшесі – Көктас көшесі.

Тілендиев көшесі – Гүлдариға көшесі;

Шәкәрім көшесі – Сұлутал көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Шуақты» шағынауданындағы:

Жетіген көшесі – Дуадақ көшесі;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Маяк» шағынауданындағы:

Қапшағай көшесі – Аққұтан көшесі;

Өтемісов көшесі – Серектас көшесі.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы қаласы шағын аудандарының атауын қайта атау туралы ұсынысы келісілсін.
  2. Алматы қаласы көшелерінің атауын қайта атау туралы ұсынысы келісілсін.
  3. Алматы қаласы Тілдерді  дамыту басқармасы (Р.Шимашева)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атау­ларының транск­рипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің»

№138 қаулысымен бекітілген Қағидаларына сәй­кес, жеті жұмыс күннің ішінде Алматы қаласы мәс­лихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының хаттамасын Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ тиісті ономастика комис­сияларының қарауына енгізсін.

Дауыс берді: бірауыздан.

Жергілікті мемлекеттік басқару және

тұрғын үй мәселелері бойынша

тұрақты комиссияның төрағасы     

Е.Еркінбаев