14 там, 2019 сағат 12:21

Алматыда баласын құтқару үшін ана отқа оранған үйге кіріп кеткен

Алматыда «Мерседес» көлігіндегі мас жүргізуші газ құбырын соғып, салдарынан бір үй өртке оранды, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға кеше түнде Бостандық ауданының аумағында орын алды. «Мерседес» көлігіндегі мас жүргізуші газ құбырын соққан. Табиғи газдың ағуы салдарынан, тұрғын үй өртенді. Оттың ортасында қалған 11 жасар қызды және екі ер адамды полиция қызметкерлері құтқарды.

«Жолда алдымыздан бір әйел жүгіріп шығып, бүкіл отбасы үйдің ішінде қалғанын айтты, ол қатты қорқып кеткен. Өзі өртеніп жатқан үйге кіруге ұмтылды. Менің әріптесім, полиция сержанты Алмаз Әсетпен бірге үй иелерін табу үшін қызыл жалының ішінен іздеу туралы шешім қабылданды. Бақытымызға орай, жалын негізгі құрылымға жете алмады, бірақ өрт осы үйдің ауласындағы басқа ғимараттарды толығымен шарпыған.11 жастағы қызды және тағы екі ер адамды құтқарып үлгердік. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру бригадасы отты толықтай сөндірді», - дейді патрульдік полиция инспекторы Бауыржан Жексембиев.

Өз кезегінде, полицейлер баласының амандығы үшін отқа түсуге әзір болған әйелдің ерлігін айтты.

«Аналық махаббат – бұл ұлы сезім. Әйел қауіп-қатерге қарамастан, баласын құтқаруға дайын болды және бізге көп көмектесті», - деді аға сержант Жексембиев.