16 қаң, 2020 сағат 08:43

Алматы қорығында «шекарасын шегендеп» жатқан қар барыстары фототұзаққа ілінді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Алматы қорығында фототұзаққа ілінген ілбістердің видеосын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың басында Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзаққа үш қар барысы ілінген еді. Видеода қар барыстарының өз аумағын бекемдеп жатқанын көруге болады. Кейінгі кезде камераға аңдарды көбірек түсіре бастадық», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Оның жазуынша, видео аңдардың таралуы мен көшу жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді.