#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді

  • 15.10.2019
  • 0
  • 213

Биыл 15,1 млн гектар алқап орылып, 19,1 млн тонна дәнді және бұршақ дақылы бастырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжамға сәйкес, өткен жылғы азық-түлік бидайының ауыспалы қалдығы ескеріле отырып, келесі егінге дейін үлестірілетін көлем 14,9 млн. тоннаны құрады. Оның шамамен 5,9 млн. тоннасы (тұқым, жемшөп, өнеркәсіптік өңдеу) ішкі тұтынуға пайдаланылады, экспорттық әлеуеті шамамен 6,0 - 7 млн. тоннаны құрайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарында 5,1 тонна астық бар, соның ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ның 350 мың тонна астығы бар.

Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясы 300-350 мың тоннаға дейін астық сатып алады. Өңірлердегі кәсіпорындардағы ұнның айлық қоры 178,0 мың тоннаны құрайды. Осылайша, республикада астық пен ұн қоры бойынша жағдай тұрақты. Ресми статистикаға сәйкес, «әлеуметтік нан» деп аталатын бірінші сұрыптағы бидай ұнынан жасалған нанның республикалық орташа бағасы бір бөлке үшін 76,5 теңгені құрайды. Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар