#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1,3 миллионнан асты

  • 07.04.2020
  • 0
  • 204

Johns Hopkins University деректеріне сәйкес, дүйсенбі күні COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлемде 1,3 миллионнан асты. Расталған жағдайлардың жалпы саны 1 309 43 оқиғаға жетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі

COVID-19 вирусы алғаш рет Қытайдың Ухан қаласынан өткен жылдың желтоқсан айында табылған болатын. Соңғы мәлімет бойынша вирус 184 ел мен аумаққа таралған. Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 72 600 адамға жеткен, 273 500 адам жазылып шыққан. 

Италия, Испания және Франция – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдер. Ауру жұқтырғандардың ең көп саны – АҚШ-та 350 мың адам. Елде 10 300-ден астам адам өлімі тіркелді.

Испанияда коронавирус жұқтырған 135 мыңнан астам жағдай расталды. Италияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 132 500 адам. Италия коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша көш бастап тұр. Елде вирус 16 523 адамның өмірін қиса, ал Испанияда қайтыс болғандар саны – 13 169 адам. 

Францияда 8 093 адам COVID-19 коронавирусының жаңа түрінен көз жұмған.

Жаңа коронавирус алғаш табылған Қытайда ауру жұқтырғандар саны 82 665 жағдайға жетті. Елде 3 335 адам вирустан қайтыс болған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар