#
#
Жексенбі 17/11/2019

Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды

  • 05.11.2019
  • 0
  • 307

Театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярова дүниеден озды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова - 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.

Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова рөлін сомдаған. Сондай-ақ, актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі» фильмдерінде ойнады.

Айта кетейік, 1964 жылы ол жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған.

Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қараша күні сағат 10-00-да Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының ғимаратында өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар