18 мам, 2018 сағат 16:52

Ақтөбеде «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І-ші қалалық деңгейінде іріктелген байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасы келбетінің оң үлгісін насихаттау және отбасының мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.

Аталған конкурсқа қатысуға барлығы  20 отбасы ниет білдіріп, конкурс талаптарына сәйкес келген 8 отбасы сайысқа жіберілген болатын.  

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының Ақтөбе қаласы бойынша жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиясының шешімімен ұлттық байқаудың қалалық деңгейдегі іріктеуінде жоғары нәтиже көрсеткен Өзбекбаевтар отбасы - Гран-при, Қабден әулеті отбасы - I орын, Қыдыралиндер отбасы - II орын және Мақсат әулеті отбасы - III орынға ие болып, облыстық деңгейдегі іріктеуге жолдама алды.

Байқау жеңімпаздарына Ақтөбе қаласы әкімінің дипломдары мен алғыс хаттары, сонымен қатар естелік сыйлықтар сыйлықтар табысталды.

Ұлт ақпарат