31 мам, 2018 сағат 12:22

Ақтөбеде ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды

Ақтөбеде ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің, қоғам, дін өкілдері, ардагерлер,  ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдары қаза болғандардың жақындары мен туыстары қатысты.

- Мемлекет басшысы қазақ халқына бүкіл 20-шы ғасырдың қорқынышты оқиғалардан тұрғандығын ерекше атап өтеді. Сол қорқынышты жылдары қазақ ұлтының қаймақтары – жетекші құрамның 650 адамы атылды, елдің алдынғы шебіндегі ұл-қыздарымыз қудаланды. 2 миллионға жуық адам сотталып, лагерьлерде азапты бастан кешті. Тоталитарлық жүйенің бүкіл салмағын Қазақстанға қоныс аударған миллиондаған азаматтар да сезді, барлығы 62 этникалық топтың өкілдері тұтқындалды. Бұл біздің сол ауқымды қайғының құрбандары туралы ортақ тарихымыз және соны келесі ұрпаққа беру – біздің борышымыз. Бүгін Қазақстан бойынша сол оқиғаларға арнап 66 ескерткіш орнатылды. Ақтөбеде ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш аша отыра біз оларды мәңгі жадымызда сақтаймыз, - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары өздерінің естеліктерін бөлісті.

- Мемлекет басшысы жаңа типті жаңғыртудың маңызды шарты өз тарихы мен мәдениетін сақтап қалу болып табылатынын баса айтады. Қазақстан 1997 жылдан бері Саяси қуғын-сүргін құрбандарының күнін атап өтіп келеді және бұл дерек тарихымызға ұқыпты қараудың жарқын үлгісі болып табылады. Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың қасіреті – екі есе қайғы, өйткені ұлт үшін Отанынан айрылғаннан асқан бақытсыздық жоқ. Бізді Ақтөбе облысына адамгершілікке жатпайтын жағдайларда, мал тасымалдауға арналған вагондармен алып келгенде мен 4-5 жаста болатынмын. Ондаған вайнахтар жанұясын Қобда ауданының Ортақ ауылына қоныстандырды. Бірінші айларда туыстарымыздың жартысы аштықтан, суық пен туған жеріне деген сағыныштан қайтыс болды. Қалғандары жергілікті халықтың аяушылығы мен көмегінің арқасында аман қалды. Бүгінде мұнда вайнахтардың жаңа ұрпағы тәрбиеленіп жатыр. Дала түрлі ұлтты бауырластырды, олар әлемнің қай түпкірінде жүрсе де қазақ халқына деген алғысы қашықтықтар мен ұрпақтар арқылы берілетін болады, - деп атап өтті «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігіінң төрағасы Увайс Джанаев.

Композицияның авторы - ақтөбелік мүсінші Ахмет Құбай. Сәулет құрылымы ұзындығы 5 метр және ұзындығы 12 метр. Ескерткіш 0,4 гектар аумақта орналасқан.

Композиция тоталитарлық режимнің құрбаны болған адамның тұлғасын сипаттайды. Басы мен кеудесі төмен қараған қайғылы тұлға, бірақ жан дүниесі мықты жеңілмеген жан. Ол өз ақиқатын дәлелдеу үшін ақырына дейін шайқасып, темір тұтқыннан босауға тырысады. Оның жалаң аяғы жерге кірген, бірақ ол қалпына келетініне сенеді. Фигура жалынның тіліне ұқсас матамен оралған. Гранитке саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алуға арналған сөздер мөрленіп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз» деген сөзі жазылған. Гранит қабырғасының үстінде шаңырақ орнатылған.

Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін сондай-ақ, Ақтөбеде «Түйе төбе» мемориалында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қаралы митинг өтті.