#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына арналған театрландырылған қойылым өтті

  • 11.10.2019
  • 0
  • 173

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде жалғасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Салтанатты шара шымылдығы айтыскер ақын Мэлс Қосымбевтың Әбіш Кекілбайұлына арнауымен түрілді.

Жазушыға арналған театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Қойылымда Әбіштің балалық шағы бейнеленді. Ұйықтап жатқан сәбиге Құдай аян береді.

«Тұр - сенің орның мінбер» - деген сөзден соң оянады. Алланың аманат бұйрығын алған тобанаяқ бала айтқанды орындады. Уақыттың мінберінен мәңгілік орын алды.

Сұлтанбек Құдайбергеннің сценарийін Серік Сариев көрерменге әсерлі жеткізді. Жазушы өмірінің жиынтығын сахналау үшін өнерпаздардың іс-қиымылы экрандағы Бақытжан Бозабаев жасаған бейне үзіктермен үйлестіріліп, Асхат Убайдуллаев ұсынған әуендермен сүйемелденді.

Шараға қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев көсемсөз шеберінің тәуелсіздікті сақтау мақсатындағы еңбегін жоғары бағалап, Елбасының құттықтау хатын оқып берді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар