20 мау, 2019 сағат 08:55

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Ақмола облысында Родина ауылының маңында Ан-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

"20 маусымда сағат 10:00 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде химиялық өңдеу кезінде Ан-2 ұшағы құлады. Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты, жарақат алған екінші ұшқыш пен техник–көмекші ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады комитеттегілер. 

Ұшақ апатының себебі анықталып жатыр. 

"Ұшқыш оқиға орнында қаза болды. Оның кім екені анықталып жатыр", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар комитетінен. 

Ан-2 (Ауызекі тілде "Кукурузник" деп айтылып жүр) — жеңіл ұшақ, ол жергілікті әуе желісінде жолаушы және жүк көлігі ретінде пайдаланылады. 

Айта кетсек, биыл сәуір айында Қарағандыда жеңіл авиация ұшағы "Балапан" аэродромында құлаған болатын.  FK-14 "Polaris" оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Өткен жылдың қазанында азаматтық авиация комитеті шұғыл түрде 17 ұшақ – 14 Ан-2 және үш Tecnam-мен ұшу тоқтатылғанын хабарлады.