31 нау, 2020 сағат 17:41

532 адам коронавирусқа шалдыққан: Армения күшейтілген ТЖ режимін ұзартты

Арменияда ТЖ режимі кем дегенде 10 күнге созылды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 532 адамға жетті, 30-ы жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Арменияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуына байланысты 24 наурызда енгізілген ТЖ режимі кем дегенде 10 күнге созылды. 

«Қатаң шектеулерді кем дегенде 10 күнге созуға мәжбүрміз. Бізді статистика алаңдатып отыр. Алдымызда мынадай міндет бар – денсаулық сақтау жүйесі тоқтап қалмау үшін осы процесті барынша басқарылатын етпекпіз. Сондықтан, барлығыңызды үйде қалуға шақырамыз», - деп мәлім етті Армения премьер-министрі Никол Пашинян. 

Армения денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны - 532, 30 науқас жазылып шыққан, үшеуі көз жұмған.