#
#
Сенбі 22/02/2020

2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 млрд теңгеден астам қаражат төленеді

  • 05.01.2020
  • 0
  • 236

Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

«2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға 12,5 млрд теңге, 5-8 қаңтар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады.

Қалған 5,2 млрд теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға таяу күндері жіберіледі», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы берледі.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге төленеді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар