07 шіл, 2017 сағат 14:49

«100 жаңа есім» жобасы бойынша ҚСЗИ сараптамалық талдау өткізді

Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы Қазақстанның тұлғалары: ел жетістігін жасаушылар» атты сарапшылар талқылауы өтті.

Талқылау барысында пікіралмасуға қатысушалар жоба күнделікті өмір қаһармандарын танымал етуге, жаңа көзқарасты адамдарға, әлеуметтік жеделсаты жұмысының тетіктеріне бағытталғандығына назар аударды, сонымен қатар сарапшылар бұл лауазымдарға ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптарды әлі де жетілдіру керектігін атап өтті.

Алғашқы болып баяндама жасаған ҚСЗИ-дың әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Лязат Нұрқатова Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есем» атты жобасының ерекшелігіне тоқталды. «100 жаңа есем» – көлемді жоба, бұл ел Тәуелсіздігі жылдары жетістікке жеткен әртүрлі аймақтың, түрлі ұлт өкілдері мен әртрлі жастағы нақты тұлғалардың өмір тарихы. Сарапшы жобаның негізгі мақсаты жетістікке жеткен замандастарымыз – заманауи Қазақстанның жетістігін жасаушылардың өмір және еңбек жолын насихаттау болып табылады.

Шараның негізгі баяндамашылары: «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің интеграциясы институтының бас директоры Саттар Мажітов, «Кто есть кто в Казахстане» өмірбаяндық энциклопедияның бас редакторы Данияр Әшімбаев және «Добровольное Общество «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин. Сарапшылар өз баяндамаларында бұған дейін орын алған осындай жобалардың жүзеге асуымен таныстырды, олардың қатарында «Кто есть кто в Казахстане» өмірбаяндық энциклопедияның, «ХХ ғасыр тарихындағы адам», «Алтын жүрек» жыл сайынғы ұлттық марапаты бар, сонымен қатар олар кандидаттарға қойылатын талаптар мен оларды іріктеу құралдарына талдау жасады.

Талқылауға сонымен қатар Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров, Синегерия университетінің қазақстандық өкілдігінің бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директоры м.а. Серік Нұрмұратов, ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері Раушан Сұлтанова, Қазақстан суретшілер одағының сүретшісі Камилла Ли, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкерлері Ирина Черных, Леся Каратаева және т.б. қатысты.