22 мам, 2020 сағат 08:26

Елордадағы балабақшалар 1 маусымда жұмысын бастайды

1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымының бәрі қалыпты жағдайда жұмысын бастайды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», - деді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымы штаттық режимде, яғни қалыпты жағдайда жұмыстарын қайта бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтары 1 тамызға дейін балабақшаға барады.