25 мам, 2020 сағат 04:24

Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмханалар жұмысын бастайды

Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева шығарған қаулыда айтылғандай 25 мамырдан бастап шамамен 50 адам отыратын орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі.

«Залға 50 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, 18 мамырда елордада сыйымдылығы 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей бастаған. Ол кездегі шарт бойынша, ғимараттың ішкі және жазғы алаңдарын қосқанда, жалпы клиент саны 30-дан аспауы тиіс болатын.

Сондай-ақ, елордада әзірше карантин режимі жеңілдетілмейді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң қатаң сақтауы керек.