02 қыр, 2021 сағат 15:40

Жолдауда ауылды дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берілді – сенатор Әли Бектаев


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Президент Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатордың айтуынша, ең үлкен мәселелердің бірі- ауылдық мекендерді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілді. 

«Ауылдық елді мекендерді дамытпай, біз ауыл шаруашылығын дамыта алмаймыз. Себебі, сол ауылдық жерлерде, сол ауыл шаруашылығында, аграрлық секторда жұмыс жасайтын азаматтар тұрады, сол жерде өмір сүреді. Олардың өмір сүру стандарттары да, осы қаладағы өмір сүру стандарттарына тең болу керек», - деп атап өтті Әли Бектаев.