Фото: ашық дереккөз
Жетісу облысында тұрғындардың сенімін теріс пайдаланып, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу деректеріне сүйенсек, сотталушы жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына заңсыз қол жеткізген. Осы ақпаратты пайдаланып, олардың атына банктер мен микрокредиттік ұйымдардан қарыздар ресімдеп, алынған қаражатты өз қажетіне жұмсаған.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан 14 тұрғын жапа шеккен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 40 млн теңгеден асқан.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
