02 қыр, 2021 сағат 16:18

Жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданады - Рысқали Әбдікеров


ҚР Парламенті Сенатінің депутаты Рысқали Әбдікеров Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзім құқық қорғау органдары комитетінен болғаннан соң, Президенттің жемқорлықа қарсы күрес туралы айтқан сөзін толық құптаймын», - дейді сенатор. 

Оның айтуынша, жылдың соңына дейін жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданатын болады. Ал мұның алдында бұл мәселе алдымен талқылаудан өтпек. 

«Сондықтан да бүгінгі таңда, Жолдауда айтылған іс-шараларды жүзеге асыру және қажетті заңдарға тез арада өзгеріс еңгізуді депутат корпусының басты мақсаты деп санаймын», - деді Әбдікеров.