31 там, 2023 сағат 17:17

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды біраз адамға көмек ретінде қарастыруға болады - саясаттанушы

фото ашық дереккөзден алынды

Үкімет басшысы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында «Осы жылдан бастап жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жұмыс істей бастады. Бұл 10 мыңнан астам азаматтың қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді» деді.

"Заңның негізгі нормалары 2023 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енді. Оның қолданылу мерзімі осы Заңмен шектелмеген. Несиелік рақымшылықтан айырмашылығы, банкроттықта айтарлықтай шектеулер бар: бұл - бес жыл ішінде жаңа несиелер алуға тыйым салу, үш жыл ішінде қаржылық жағдайды бақылау.

Еліміздің 7 миллионнан астам азаматының тұтынушылық несиелері бар. Оның 1,5 миллионға жуығы төлемдер бойынша кешіктірілулері бар. Жалпы, Президент халықты несиелендірумен күресу керек екенін бірнеше рет айтып, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға тұтынушылық қарыздар бермеуді тапсырған болатын. Осы тұрғыда аталмыш заңды қабылдау біраз адамға көмек ретінде қарастыруға болады.

Дегенмен Қаржы нарығын реттеу агенттігі тарапынан қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау бөлігінде қадағалау әлі де болса күшейтілуге тиіс. Егер бұл шарт бұзылған жағдайда несие берген екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін қатаң талап ету қажет" - деп жазды саясаттанушы Қазбек Майгельдинов.