Қарағанды облысының «Сарышаған» әскери полигонында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі шеңберінде Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік оқ атуымен бірлескен оқу-жаттығудың белсенді фазасы өтті.
Оқу-жаттығудың белсенді фазасына ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен шетел мемлекеттері әскери делегациясының өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде Қазақстан ӘӘК ұшқыштары авиациялық жою құралдарын жауынгерлік қолдана отырып, ұшуларды орындады. Оқу-жаттығуды өткізу барысында қару-жарақтың кең түрі, оның ішінде, шағын, орташа және үлкен қашықтықтағы «әуе-әуе», «әуе-үстіңгі бет» класындағы басқарылатын зымырандар, сондай-ақ авиациялық бомбалар мен әртүрлі калибрдегі басқарылмайтын зымырандар қолданылды.
Іске қосу әуе және жерүсті нысаналар бойынша Су-27, Су-30СМ, МиГ-29, МиГ-31 көп функционалды жойғыштарынан, сондай-ақ Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарынан жүзеге асырылды. Бұл ретте оқу-жаттығуда авиациялық техниканың тың үлгілерін қолдана отырып, жауынгерлік қолдану шеберлігі пысықталды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары әуе межелері бойынша С-300, С-200, С-125, С-75 «Куб» және «Круг» зениттік зымыран кешендерінен іске қосуды жүзеге асырды және әуе қарсыласын алдын ала тану мәселелерін пысықтады. Белсенді фазаны өткізу кезеңінде армиялық авиация әскери әуеайлақтардан ұшуларды жүзеге асырды.
Сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығу шеңберінде жерүсті орнатылған броньды транспортер межелері және көк аспанда шартты ілініп қалатын тікұшақ бойынша шартты қарсыластың әуе нысанын алмастыратын РОБУД-50 ұлғайтылған қашықтықтағы реактивті жарықтандыру патрондары бойынша орындалған әуе шабуылына қарсы қорғаныс есептоптық бөлімшелерінің жауынгерлік оқ атулары өтті.
Өткізіліп жатқан бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты жауынгерлікке жақындатылған еліміздің әуе шептерін қорғау жөнінде Әуе қорғанысы күштері экипаждары мен жауынгерлік есептоптарының дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар, жауынгерлік кезекшілікті бірлесіп атқару кезінде ТМД ӘШҚҚ күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын пысықтау болғанын айта кету қажет.