Әлеуметтік желіде әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес көрсетілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Оқиға Жамбыл облысындағы Отар ауылында болған.
Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.
"1 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Қылмысты жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталған, оның ішінде екі әскери қызметкер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.