29 там, 2021 сағат 23:02

Жалпыұлттық аза тұту күні: Қазақстанның шетелдегі елшіліктері туын төмен түсірді


Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне орай мемлекеттік туды төмен түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты шетелдік азаматтар, шетелдердегі мемлекеттік органдардың өкілдері мен дипломатиялық корпус Қазақстан Республикасының елшіліктері арқылы қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтып жатыр. 

Бүгін Қазақстанның шетелдегі барлық елшілік ғимараттарының үстінде мемлекеттік ту төмен түсірілді.