23 қаң, 2025 сағат 15:01

Жалғыз басты әке балаларымен қоса өртеніп кетті: Солтүстікте болған өрттен қайтыс болғандар саны өсті

Фото: ТЖД Қазақстан 

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиғада қайтыс болғандардың барлығы – бір отбасының мүшелері: әкесі мен төрт баласы.

Өрт түнде болған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толықтай отқа оранып, шатыры мен төбесі құлап кеткен еді.

"Оқиға орнында екі ересек пен үш баланың денесі табылды, олардың жеке тұлғалары анықталуда. Өрт 104 шаршы метр аумақты шарпыды, өрт оқшауланды", – деп хабарлады департамент өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық көмек көрсету тобы қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына шұғыл көмек көрсетуде.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Белгілі болғандай, отбасында балалардың анасы бұған дейін қайтыс болған, ал әкесі төрт баланы өзі бағып келген. Бұған дейін оқиға орнында екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді.