көрнекі фото: Halyq Uni
Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов ведомство Қазақстаннан ұрланған активтерді қалай анықтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан ведомство елден заңсыз шығарылған активтерді қалай білетінін және мұндай істердің қаншасы әзірленіп жатқанын сұрады.
"Қаншасы әзірленіп жатқанын айтпаймын. Жұмысымыздың кейбір қыр-сырын білудің қажеті жоқ", - деп жауап берді Ұлан Байжанов.
Бұл ретте ол бірінші кезеңде Бас прокуратура барлық ашық ақпаратты жинайтынын қосты.
"Бірінші кезеңде қолда бар барлық ашық ақпарат жиналатыны анық. Жедел-іздестіру сипатындағы аналитикалық жазбалар, анықтамалар мен әзірлемелер, сұрау салулар бар, сонымен қатар азаматтар ақпараты, өтініштер, баспа материалдары бар. Бұлардың барлығы қолданылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар өздерінің тікелей функциялары аясында, соның ішінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру аясында белгілі бір заңбұзушылықтарға тап болған кезде бізге беретін материалдар бар", - деп түсіндірді ол.
737 рет оқылды