© AFP 2021 / NATALIA KOLESNIKOVA
Түркияда 56 жастағы Музаффер Каясан бір жылдан астам уақыттан бері карантиннен шыға алмай отыр, оның коронавирустың бар-жоғын анықтауға тапсырған тестінің бәрі оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі NTV порталына сілтеме жасап.
Ер адам Ыстанбұлда тұрады, лейкемиямен ауырады. Ол 2020 жылдың қарашасында коронавирус жұқтырған, содан бері 78 ПТР тестін тапсырған. Алайда ешқайсы теріс нәтиже көрсетпеген.
Дәрігерлер мұны жілік майын ауыстырғаннан кейін иммундық жүйенің әлсіреуімен байланыстырды. Оған операция екі жыл бұрын жасалған.
"Ғалымдар мен дәрігерлерден сұрағанда, олар лейкемияға байланысты менің иммундық жүйем әлсіз екенін айтады. Олар менің кейінгі он төрт айда өздері жазып берген дәрі-дәрмекті ішіп жүргенімнің дұрыс екенін айтты", - деді ол телеарнаға берген сұхбатында.
Сақтық шараларына байланысты ол жақындарымен кездеспейді, үнемі үйінде жалғыз болады.
"Менің әлеуметтік өмірім аяқталды", - деп шағымданды ол.
Дәрігерлер лейкемия бірінші кезекте иммунитеттің бұзылуымен байланысты ауыр дерт екенін айтты. Олар бұл ауруға қандай да бір вирустың бастамашы болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Сондай-ақ ол коронавируспен де әрекеттесуі мүмкін.