Фото: © РИА Новости / Наталья Селиверстова
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенатта өткен дөңгелек үстелде электронды саудаға салық салу мәселелерін қалай реттеуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Электронды сауданы әкімшілендіру туралы айтсақ, Wildberries, Kaspi, Ozon сияқты платформалармен сөйлестік. Оларда ресми тіркелген 84 мың азамат бар. Олар салық салу жүйесі бойынша бізге есеп бермейді. Аталмыш платформалар кімнің қанша сауда жасағаны туралы да деректерді бермейді», - деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, әсіресе Kaspi Pay құралы бойынша сұрақ көп.
«Біз кері есеппен оларды анықтап жатырмыз. Халық наразылығын білдіруде. Егер осы платформалар арқылы салық салу жүйесін енгізсек, бүгін жасаған саудаңыздан 0,1 немесе 1 пайыз салық ертең-ақ бюджетке толық көлемде түсер еді. Сондықтан агенттік, операторлық жүйелерді қолдану керек деп ойлаймыз», - деді Ержан Біржанов.