
Алматы халықаралық әуежайы ішкі әуе рейстердің алғашқысын қабылдады. Жолаушылар Нұр-Сұлтаннан оңтүстік астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша, жолаушылар ұшудан бас тартып жатыр. Оған себеп, коронавирусқа тексеру процедурасы.
«Бұл Қазақстанның мен авиацияның дамуы үшін өте маңызды. Бүгін таңертең Алматы-Нұр-Сұлтан және кері бағыттағы алғашқы рейсті аяқтадық. Жалпы, біз осы маршрут бойынша күніне үш рейс жасаймыз. Біз рейстерді азаматтық авиацияны қалпына келтіру үшін жаңа санитарлық талаптарға сәйкес жасаймыз. Әуе кемесінде әлеуметтік қашықтық өлшемдері енгізілді», - деді Air Astana компаниясының президенті Питер Фостер.
Сонымен қатар, ол авиакомпания барлық талаптардың маңыздылығын түсінетінін атап өтті.
«Біз үшін жолаушылар қауіпсіздігі – басты міндет. Осы қойылған талап бойынша алға жылжимыз. Біз сондай-ақ төтенше жағдай аяқталғаннан кейін ішкі бағыттар желісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Питер Фостер маршрут бойынша ең жоғары тариф 36 мың теңге, ең төменгі 21 мың теңге екенін атап өтті.
«Бұл тек бірінші рейс, жүктеме айтарлықтай жоғары болды деп айтуға болады, бірақ жолаушылар тарапынан бастартулар көп болды. Өйткені тестілеу процедуралары өте күрделі және қымбат», - деп толықтырды ол.
Алматыдан елордаға алғашқы рейспен 75 жолаушы ұшып барды.
Еске сала кетсек, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.
