27 жел, 2019 сағат 14:17

Ұшақ апаты: Ауыл тұрғындары құтқарушыларға ыстық тамақ беруде

Ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан адамдарға ауыл тұрғындары ыстық тамақ беруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде Гүлдала ауыл тұрғындарының қазанға тамақ жасап, самауырынға шәй қайнатып жатқан видеосы пайда болды.

Олар ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ ұйымдастырды.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.