09 жел, 2025 сағат 12:14

«Ұрып жіберем, братан»: Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Фото: kuat__khamitov/instagram
Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов аралас жекпе-жек шебері, әрі актер Еркебұлан Тоқтармен бокс ережесі бойынша кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Хамитовтің пікірінше, Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтардың кездесуі ең шулы, әрі қызықты өтеді.

«Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейінен шынымен де көңілім қалды! Бұл не қылған бос әңгіме, ағыз масштаб қайда? Бәрі жасанды шоу, адам түсінбейді… Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар! Бұдан асқан аты шулы жекпе-жек отандық бокс алаңында болмайды!», – деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Ал Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовқа бокс ережесімен жұдырықтасса, оны жеңіп кететінін айтты.

«Мен кешірім сұраймын әрине, бірақ, бокстан ұрып жіберем братан», — деді ол.

Оқи отырыңыз: Еркебұлан Тоқтар мен Иманбек мемлекеттік наградалармен марапатталды